Ресейдің су басқан аудандарынан мыңнан астам адам көшірілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құтқарушылар бір тәулік ішінде Ресейдің Иркутск облысындағы су басқан аудандардан мыңнан астам адамды эвакуациялады, деп хабарлады Хабар 24 халықаралық ақпарат агенттіктеріне сілтеме жасап.
«1 мың 76 адам, соның ішінде 615 бала қауіпсіз жерге көшірілді. Қазір уақытша орналастыру пункттерінде 41 адам бар, соның сегізі – бала», – делінген хабарламада.Жексенбі күнгі нөсер салдарынан облыстың алты ауданы: Нижнеудинск, Черемховск, Тулунск, Шелеховск, Слюдянск, Зиминск аудандары су астында қалған.
Дүйсенбі күні 07:00-дегі дерек бойынша, 147 тұрғын үйді, 42 үйдің ауласын, 269 үй маңындағы аумақты су басқан. Иркутск облыстық гидрометеорология және қоршаған ортаға мониторинг жүргізу басқармасының ақпаратынша, өңірдің оңтүстік аудандарында нөсер дүйсенбі күні де толастамайды. Төтенше жағдайға шұғыл қызметтер әзір тұр. Тұрғындарға бұқаралық ақпарат құралдары, смс-хабарламалар арқылы хабар берілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
48 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмектен бас тартты
Өзгелердің жаңалығы