Ресейден заңсыз жолмен көлік әкелгендер ұсталды
Ақмола облысында бір топ тұлға ұрланған көлік құралдарын тіркеу және сатумен айналысқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚМА облыстық департаменті 2020-2021 жылдар аралығында Ресей Федерациясынан Қазақстанға заңсыз жолмен көлік құралдарын әкелген азаматтардың әрекетін әшкереледі.
Аталған тұлғалар алдын ала келісім бойынша іздеудегі көліктерді Ресей Федерациясының аумағында сатып алып, кейіннен оларға жалған құжаттар жасалып, соның негізінде шекарадан іс жүзінде өтпей Қазақстан аумағында тіркеген. Құжаттарды және мемлекеттік тіркеу нөмірін алған соң, шекарадан өтіп, сатып отырған, - делінген ҚМА таратқан хабарламада.
Сот үкімімен үш азамат 8, 7 және 6 жылға бас бостандығынан айырылды (үкім заңды күшіне енген жоқ).
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
3 сәуірге арналған валюта бағамы
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы