Ресейден келіп жатқан азаматтардың саны азайды

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездескен ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлады BAQ.KZ «Хабар24»-ке сілтеме жасап.

Көші-қон қызметінің мәліметіне сүйенер болсақ, 1-24 қыркүйек аралығында сегіз жүзден астам шетелдік азамат елімізде тұруға ыхтиярхат рәсімдеген екен. Ал олардың тек 100-ден астамы көрші Ресей азаматтары. 

Ішкі істер министрі шетелдік автокөліктерді заңдастыру жолдарын да түсіндіріп берді. 

Бүгінде республика жолдарында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде тіркелген 300 мыңнан астам темір тұлпар жүр. Биылғы жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген автокөліктерді 200-250 мың теңгеге есепке қоюға мүмкіндік бар. Дегенмен тәртіп сақшылары олардың барлығын шетелдік әріптестерінің көмегімен тексеретін болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы