Ресейден келген тасқын су Қамыс-Самар көлдеріне жіберілді
Ресейден келген тасқын суының 80 млн текше метрі Батыс Қазақстан облысының Қамыс-Самар көлдеріне жіберілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ресейден келген тасқын суының 80 млн текше метрі Батыс Қазақстан облысының Қамыс-Самар көлдеріне жіберілді. Айта кетейік, бұл көлдерге соңғы 20 жыл бойы су бармаған.
Тасқын суын көлдер жүйесіне жіберу жұмысын жергілікті «Қазсушар» филиалының мамандары жүргізуде. Қамыс-Самар көлдері киіктер мен басқа да жануарлардың көшу жолындағы табиғи суат көзі болып табылады.
Батыс Қазақстан облысындағы судың негізгі көзі - Жайық өзені. Аталған өзен арқылы келген тасқын суы су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» мекемесіне тиесілі Жайық-Көшім суару-суландыру жүйесінде
"Қазсушар" мамандары соңғы жылдары кеуіп қалған Еділсор, Жалтыркөл, Бірқазан, Соркөл, Салтанат және басқа да су айдындарына су жібере бастады. Сондай - ақ, Балқаш көліне, Каспий теңізіне су жіберу жұмысы жалғасып жатыр, - деді су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.