ШҚО-да Ресейден келген студенттен COVID-19 анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейде коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 1 адам тіркелді, деп хабарлады ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
COVID-19 вирусы Ресей Федерациясынан келген 2001 жылғы студент қызда расталды.
"Ауыл" шекара бекетіндегі санитариялық-карантиндік бөлімде эпидемиолог мамандар байланыссыз термометриядан өткізген. Сауалнама жүргізу барысында денсаулыққа шағымдары болмаған. Алгоритмге сәйкес, экспресс-тестілеуден де өткен, нәтижесі - теріс. Мамандар 14 күн үй карантинінде болу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізген.
Семей қаласына келген соң тұрғылықты жері бойынша дәрігерлердің бақылауына алынды. Медицина қызметкерлері денсаулық жағдайын бағалау үшін ПТР әдісімен қайтадан тексеру үшін биологиялық материалдарды сынамаға алады. ПТР зертханалық зерттеу нәтижелері COVID-19 вирусының барын анықтаған. Қазіргі уақытта науқас инфекциялық стационарға жатқызылып, тиісті ем алуда. Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда, - делінген хабарламада.
Осы уақыттағы жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 59 адам тіркелді.
⠀
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
АҚШ-тың федералды соты Храпуновтарға қарсы шешім шығарды
Өзгелердің жаңалығы