Ресейден дәнді дақылдардың тұқымын импорттау проблемасын шештік – АШМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек мәлімдеді.
Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары бірнеше рет хабарлағанындай, Ресейден дәнді дақылдарды жеткізу проблемасы болды. Мұның себебі Ресей тарапының дақылдарды экспорттауға тыйым салуы болды. Тұқым бойынша СЭҚ ТН ұқсас коды болғандықтан, оларға да тыйым салынған, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Мәлімдеуінше, бұл тұқымдар сұрыпты жаңарту мен ауыстыру үшін қажет болған.
Тұқымдар бізге сұрыпты жаңарту және ауыстыру үшін қажет екенін ескере отырып, мәселе Премьер-министрлердің орынбасарлары деңгейінде көтеріліп, нәтижесінде Ресей Федерациясының Үкіметі тұқымдарды әкетуге тыйым салуды алып тастап, оларды рұқсат беру тәртібіне ауыстыру туралы шешім қабылдады. Бұл қосымша 14 мың тоннадан астам дәнді дақылдар тұқымын алуға мүмкіндік берді. Қазақстандық аграршыларға дәнді дақылдар тұқымдарының келісімшарт жасалған партияларын алуға мүмкіндік беріп, сорттық әлеуетті күшейтті, -деді вице-министр.
Еске сала кетейік, бұған дейін ауыл шаруашылығының пайдаланылмайтын 5 млн гектар жері мемлекеттік меншікке қайтарылатыны туралы жазған болатынбыз.