Ресейдегі зауытта екі қазақстандық қаза тапты

Қайғылы оқиға "Северсталь" компаниясына қарасты Череповец металлургия комбинатының (ЧерМК) өндірістік алаңында болды. Бұл туралы BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мердігер ұйымдардың екі қызметкерінің мәйіті тіршілік белгілерінсіз табылғанын «Северсталь» компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді. Қазіргі таңда олардың өлім себептері анықталуда.

14 қаңтар күні, ЧерМК өндірістік алаңы аумағында мердігер ұйымдардың екі қызметкері – Қазақстан азаматтары тіршілік белгілерінсіз табылды. Қазіргі уақытта өлім себептері тергеліп жатыр, оқиға орнында арнайы қызметтер жұмыс істеуде. Қызметкерлердің туған-туыстарына және жақындарына қайғыра көңіл айтамыз, — деп жазылған компания хабарламасында.

Оқиға орнында жедел-тергеу тобы да жұмыс істеп жатыр. Қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы