Ресейдегі митинг барысында 250-ден астам адам ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Рұқсат етілмеген митингілер Ресейдің Хабаровск, Владивосток, Петропавл-Камчатский және басқа қалаларында өтті, деп хабарлады rbc.ru.

«ОВД-Инфо» таратқан мәлімет бойынша бүгін сағат 10:30-да Алексей Навальныйды қолдау үшін ұйымдастырылған акциялар барысында 260 адам ұсталды. Оның ішінде Владивостокта – 96, Красноярскіде — 44, Новокузнецкіде — 23, Новосибирскіде — 22 адам.

Dvhab.ru-дың деректері бойынша, Хабаровскіде аймақтық әкімшілік ғимаратының алдындағы басты алаңда ондаған адам акцияға шыққан. 

Қала орталығында көлік қозғалысы шектеулі болды, ал алаңда күштік құрылымдардың көліктері тұрды. 

Полиция мен Ресей гвардиясының қызметкерлері бірнеше адамды ұстады. Олардың арасында журналистер де болды. ІІМ жергілікті басқармасының сайтында 13 адам ұсталғаны хабарланды.

PrimaMedia хабарлағандай, Владивостоктағы келісілмеген митингте қауіпсіздік қызметкерлері қатысушыларға қарағанда көп болды. 

Таңертеңнен бастап қала орталығындағы алаңда құқық қорғау органдарының қызметкерлері кезекшілік жүргізе бастады. 

Акцияға 100-ге жуық адам қатысты. Олар кейінірек спорттық айлақтың жағалауына барып, мұз үстінде дөңгелене би билеген.  


«ОВД-Инфо»-ның мәліметтері бойынша акцияға қатысқан 96 адам ұсталды.

Петропавл-Камчатскийде «Әскери даңқ қаласы» стелласының жанындағы алаңға ондаған адам шықты, деп хабарлайды Kam24. 


Петропавл-Камчатский алаңында сағат 12:00-ден 13:30-ға дейін рұқсат етілмеген жаппай іс-шараға 30 адам қатысты. 

Аумақтық полиция бөлімдеріне тоғыз азамат жеткізілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы