"Ресейдегі инфляцияның күшеюі себеп". Сүлейменов теңгенің неге әлсірегенін айтты

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме неге 15,25% түскенін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Шешім қабылдау кезінде ішкі және сыртқы орта, инфляциялық және экономикалық процестер ескерілді. Сыртқы ортада баға қысымы күшейіп тұр. Оған еліміздің негізгі сауда-серіктесі – Ресейде инфляцияның күшеюі себеп. Оның үстіне, соңғы айларда жетекші экономикаларда инфляция үдеп келеді. Соның өзі әлемдегі ставкалардың ұзақ уақыт жоғары болып қалуына себеп болып отыр. Бұл өзгерістер доллардың нығаюына әсер етті. Дамушы елдердің валюталарына, оның ішінде теңгеге де қысым күшейіп келеді, - дейді ол Ұлттық банкте өткен баспасөз мәслихатында.

Ұлттық банк басшысы ішкі экономикадағы инфляциялық факторларды атап өтті. Олар:

фискалдық ынталандырудың жалғасуы; тұрғын үй коммуналдық қызметтер тарифінің өсуі; 
теңгенің әлсіреуі; 
тұтынушылық сұраныстың тұрақты артуы.

Осы факторлар тәуекел балансын проинфляциялық жаққа ығыстырып келеді. Айырбас бағамының әлсіреуі, инфляциялық күтулердің жеделдеуі, сондай-ақ инфляцияның өсуі жалпы ақша-кредит шарттарын жұмсартты. Осыған байланысты келесі шешімде макроэкономикалық болжамды жаңарта отырып, біз инфляцияны 5% таргетке орнықты түрде төмендеу траекториясына қайтару үшін ақша-кредит саясатын қосымша қатаңдату қажеттілігін қарайтын боламыз, - дейді Сүлейменов.

Еске салайық, бүгін Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені 15,25% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ архив
Өзгелердің жаңалығы