Ресейдегі атыс: қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары туралы ақпарат жоқ

Ресейдегі "Крокус Сити Холл"-дағы атыста қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтарының бар екені туралы ақпарат жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Айбек Смадияров Мәскеудегі Қазақстан елшілігі жергілікті билікпен және тиісті қызметтермен байланыста екенін жеткізді.

Біз қазір жағдайдың егжей-тегжейін анықтап жатырмыз. Мәскеудегі елшілік жергілікті билікпен және тиісті қызметтермен байланыста. Қаза тапқандар немесе зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтарының болуы туралы ақпарат түскен жоқ. Қосымша ақпарат келіп түскен сайын хабарлайтын боламыз. Қазір елшілікте 8 (925) 897-71-14 телефоны бойынша жедел желі ашылды, - деді Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы