Ресейде жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті
Ресейдің Волгоград облысында Қазан – Адлер бағытымен келе жатқан жолаушылар пойызы КАМАЗ жүк көлігімен соқтығысып, бірнеше вагон рельстен шығып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап.
Ресей теміржолы компаниясы өкілдерінің хабарлауынша, апат кезінде пойызда 800-дей адам болған. Соның 140-ы жарақат алған. Арасында балалар да бар.
Зардап шеккен азаматтар ауруханаға жеткізіліп, тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Оқиға орнында 324 маман мен 109 техника жұмыс істеп жатыр. Апаттың мән-жайы анықталуда. Тергеу комитеті қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарлады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы