Ресейде Жеңіс парады басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейдің 28 қаласында, соның ішінде қаһарман қалалары мен әскери округтер, армия және армия корпустары, флоттары орналасқан қалаларда Жеңістің 75 жылдығы құрметіне парад өтіп жатыр, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Басқа көптеген қалада да өзге форматтағы мерекелік шаралар, соның ішінде салтанатты шерулер өткізілуде. Кейбір өңірлер эпидемиологиялық жағдайға байланысты билік шеру өткізуден бас тартқан немесе парадты көрерменсіз өткізу шешімін қабылдаған.Мәскеуге Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығына арналған салтанатты шараларға қатысу үшін шетел мемлекеттерінің көшбасшылары келіп жатыр. Ресей астанасына Абхазия президенті Аслан Бжания, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Молдавия президенті Игорь Додон, Сербия президенті Александр Вучич, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, Беларусь президенті Александр Лукашенко жиналды, сондай-ақ, Босния мен Герцеговина Президиумының сербиялық мүшесі Милорад Додик, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Оңтүстік Осетия президенті Анатолий Бибиловтің келуі күтілуде.
Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге жұмыс сапарымен барды. Мемлекет басшысы бүгін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 13:00-де Қызыл алаңда Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ҰБТ: Есіктен кіргізетіндерді қылмыстық жауапкершілікке тарту қажет – Аятжан Ахметжан
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы