Ресейде вакцинадан бас тартуға шақырғандарды жауапқа тарту ұсынылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейде COVID-19 вакцинациясынан бас тартуға шақырғандарды жауапқа тарту ұсынылды.
Ленинград облысының Қоғамдық палатасы төрағасының 1-орынбасары Владимир Петров вакцинациядан бас тарту ұрандары үшін қылмыстық жауапкершілік енгізуге шақырды.
В.Петров қоғамның жекелеген бөлігі екпе жасағысы келмейтініне, ал басқалары вакциналардың зияны туралы антиваксерлер таратқан жорамалдарға иланатынына назар аударды.
Сондай-ақ, ол азаматтарға жалған вакцинация сертификаттарын алуға көмектескен дәрігерлерге қылмыстық жаза қолдануды қарастыруға шақырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
2026 жылы Каспий теңізін тереңдету жұмыстары басталады
Өзгелердің жаңалығы