Ресейде тұрғын үйдегі газ жарылып, 5 адам мерт болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейдің Ногинск қаласында үйдегі жарылыс кезінде қайтыс болған 5-адамның денесі табылды.
Бұл туралы аумақтық ТЖМ-ге сілтеме жасай отырып, РИА Новости хабарлады.
Бұған дейін үйінді астынан жасөспірім қыздың денесі табылған болатын.
Айта кетейік, сәрсенбі күні таңғы жеті шамасында 28 Июня көшесі, 9 а үйінде газ жарылды. Салдарынан тұрғын үйдің екінші және үшінші қабаты, ішінара төртінші қабаты да қирады.
Оқыс оқиға салдарынан 15 адам зардап шекті, оның алтауы ауруханаға жатқызылды. Ғимараттан 170-тен астам адам эвакуацияланды.
Алдын ала мәлімет бойынша жарылысқа тұрмыстық газ себеп болған. Қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін қызмет көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазір Ногинскіде үш күндік қаралы күн жарияланды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгінгі эпидахуалды бағалау матрицасы жарияланды
Өзгелердің жаңалығы