Ресейде тікұшақ апатқа ұшырап, 4 адам қаза тапты

Кеше Ресей Федерациясының Киров облысында Ми-2 санитарлық тікұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ресей ТЖМ-нің мәліметінше, бортта төрт адам болған: ұшқыш және үш медицина қызметкері.

Даровск ауданының Белеенки ауылы маңындағы орманға қатты қону нәтижесінде олардың барлығы қаза тапты. Аймақ губернаторы Александр Соколовтың айтуынша, тікұшақ Даровской ауылынан медициналық бригаданың жұмысын аяқтағаннан кейін ұшып шығып, көп ұзамай құлаған. Бортта науқастар болмаған.

Бұған дейін 13 қазанда Якутияда "Борус" әуе компаниясының Ан-3 ұшағы құлаған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы