Ресейде тереңсу аппаратында шыққан өрттен 14 теңізші көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейлік ғылыми-зерттеу тереңсу аппаратында өрт шығып, 14 теңізші-сүңгуір көз жұмды. Бұл туралы Almaty TV хабарлады.
Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің өкілдері қайғылы оқиғаның 1 шілдеде болғанын хабарлады. Аппарат Ресей Әскери-теңіз флотының мүддесімен Әлем мұхитының түбін және түп кеңістігін зерттеумен айналысқан.
Төтенше жағдай батиметрикалық өлшем жасау кезінде болған. Теңізшілер өрт кезінде иіс тиіп, уланып қалған.
«Команданың жанкешті әрекеттерінің арқасында өрт ошағы жойылды. Терең су аппараты Солтүстік теңіз базасында орналасқан», - делінген ведомствоның хабарламасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Самұрық-Қазына» компаниялар тобына жас мамандар қабылданды
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы