Ресейде «Спутник V» вакцинасын 12 жастан асқан балаларда сынайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейлік «Спутник V» коронавирусқа қарсы вакцинасы 12-17 жас аралығындағы балаларда сыналады.
Бұл туралы Гамалеи атындағы эпидемиология және микробиология Ұлттық зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері, вирусолог, медицина ғылымдарының докторы Анатолий Альтштейн МИР 24 телеарнасына берген сұхбаты барысында айтты.
Сынақтар 12 жастан 17 жасқа дейінгі балалардан басталады. Алдымен балаларға аталған вакцинаның қалай әсер ететінін тексереді. Сынақ нәтижелері жазда болады деп күтілуде. Бірақ әзірге балаларды жаппай вакцинациялау туралы шешім шығарылмайды, – деді ол.Альтштейннің сөзінше, биыл балалар жаппай вакцинацияланбайды. Өйткені бұл іс жүзінде клиникалық зерттеулер болып табылады. Белгілі бір уақыт ішінде екпе салынатын балалар санын арттырып, оларды біраз уақыт жіті бақылау қажет екен.
Анатолий Альтштейн болашақта отбасында егде жастағы туыстары бар адамдарға міндетті түрде егу керек деп санайды. Бұл ретте ғалым жаңа туған нәрестелерді немесе жас балаларды – үш жасқа дейін вакцинациялаудың қажеті жоқ дейді.
Жаңа туған нәрестелерде вакцинаны сынаудың қажеті жоқ. Дәл солай, екі – үш жасқа дейінгі балаларды да вакцинациялау керек емес, - деп атап өтті ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Нұр-Сұлтанда зауыттар мен фабрикалар салынады
Келесі жаңалық
Қаржы министрлігі: Мемлекеттік сатып алу туралы ашық диалог
Өзгелердің жаңалығы