3 Қазан 2026, 17:46
Фото: Report
Ресейде шахта жарылып, бір адам қаза тапты
Тау жыныстары 1 040 метр тереңдікте опырылып, құтқарушылар қаза тапқан адамның денесін алып шықты.
Ресейдің Свердлов облысындағы «Черемуховская-Глубокая» шахтасында тау жыныстары опырылып, бір адам қаза тапты.
Свердлов облысының прокуратурасы хабарлағандай, опырылым 1 040 метр тереңдіктегі горизонтта болған.
Арнайы қызмет мамандары үйінді астынан өмір белгілері жоқ ер адамның денесін алып шықты.
Жұмыстар опырылым болған учаскеде ғана уақытша тоқтатылды.
Прокуратура тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптары мен еңбекті қорғау нормаларының сақталуына баға беру үшін бақылау шараларын жүргізіп жатыр.