Ресейде сегіз адам белгісіз заттан уланып қайтыс болды
Астраханьда белгісіз заттан улану салдарынан сегіз адам қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
РИА Новости агенттігінің мәліметінше, осыған байланысты қылмыстық іс қозғалған.
Тергеудің нұсқаларына сүйенсек, 9 мен 11 мамыр аралығында Астраханьда есірткі заттарын тұтынған 25 пен 37 жас аралығындағы үш ер адам көз жұмған. Өлімнің алдын ала себебі – белгісіз заттан улану.
Оған дейін Астраханьда 18 бен 40 жас аралығындағы жастағы ер адам мен әйелдің денесі табылған.
Полиция сондай-ақ 14 адамның ауруханаға жатқызылғанын айтты. Есірткі таратты деген күдікке ілінген азамат ұсталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Польшада ірі сауда орталығы өртенді
Өзгелердің жаңалығы