Ресейде қазақстандықтардың 79%-ы референдумда дауыс берді
Ресейде дауыс беруге арналған бес учаскенің бәрі жабылды. Көрші елде жүрген қазақстандықтар Мәскеу, Санкт-Петербург, Омбы, Қазан және Астрахань қалаларында өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Олардың арасында студенттер, халықаралық ұйымдардың өкілі саналатын ел азаматтары бар. Дауыс берушілер арасында ең жоғары белсенділік Мәскеуде болды. 79,77 пайыз. Номері 397-учаскеде 718 адам өз таңдауын жасады. Қазан мен Астраханьда тізімдегі азаматтардың барлығы келді. Омбыдағы көрсеткіш – 70 пайыз, ал Санкт-Петербургте 65,6 процент.
Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Елшілігі ғимаратында орналасқан нөмірі 397-учаскесі өз жұмысын аяқтады. Күн қорытындысы бойынша азаматтардың белсенділігі өте жоғары болды деуге болады. Тіркеуде болған 900 азаматтың шамамен 79 пайызы өз таңдауын жасады,- дейді референдум учаскесі комиссиясының төрағасы Александр Синяговский.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда 101 суицид жасалған
Өзгелердің жаңалығы