Ресейде не болып жатыр?

Кеше Евгений Пригожин «Вагнер» жауынгерлерін атқылады деп Ресей қорғаныс министрлігін айыптады. Оның айтуынша, шабуылдан біршама сарбаз қаза тапқан, деп жазады BAQ.KZ тілшісі. 

Ресейдің БАҚ пен телеграмм арналарда тараған ақпаратқа сенсек, Мәскеу мен Дондағы Ростовта «Бекініс» жоспары басталған. Ростов көшелерінде әскери техника жүр, кей көшелер жабылған. Ресей ФҚҚ «Вагнер» жекеменшік әскери компаниясының жетекшісі Евгений Пригожиннің үстінен қылмыстық іс қозғады. 

Ресейдің қорғаныс министрлігі ақпаратты шындыққа жанаспайды деп «Вагнер» жауынгерлерін Пригожиннің бұйрығын орындамауға шақырды.

ВВС-дің ақпаратына сәйкес, Мәскеуде ФСБ басқармасы мен әскерилер дабыл бойынша жұмылдырылған. Мәскеу мен Ростов арасындағы федералдық трассаға блокпосттар қойылған. 

Ресей астанасындағы мемлекеттік мекемелердің маңына күзет қойылды деген деректер бар. Кей сарапшылар Ресейде «азамат соғысы басталғанын» жазып жатыр.

Ресейлік БАҚ Пригожин әскерінің РФ Оңтүстік әскери округінің, Федералды барлау қызметінің, Ішкі істер министрлігінің жергілікті басқармалары ғимараттары мен Ростов қаласы әкімшілігін басып алғанын жазып жатыр.

Шын мәнінде, Ресей әскерінің Украинадағы адам қазасы құжатта көрсетілгендей емес, одан 10 есе көп. Сондықтан маған Шойгу мен Герасимовты тапсырыңыздар. Олармен оңаша әңгімем бар. Егер олар осы келмесе... егер сіздер оларды... осы жерге әкелмесеңіздер біз Мәскеуге барамыз, – деді ол.

Әзірге Қорғаныс министрлігі оған жауап берген жоқ.

Cоңғы дерекке қарағанда, «Вагнер» жеке әскери компаниясының содырлары Воронеж қаласына басып кірді. Қазір Мәскеу қаласы мен Мәскеу облысында, Ростов, Воронеж облыстарында терроризмге қарсы шаралар жарияланды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Евгений Пригожин. Кадр видеодан алынды
Өзгелердің жаңалығы