7 Ақпан 2023 2023, 18:02
Ресейде мұнай зауытында өрт шықты
Ресейдің Кстово округінде мұнай зауытынан өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ресейдің Кстово округінде мұнай зауытынан өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, жанармай қондырғысы жанып кеткен. Қазір тілсіз жаудың негізгі ошақтары ауыздықталды. Бұл туралы жергілікті полиция мәлімдеді. Өрт қауіптілігі жағынан, үшінші деңгейге жеткен.
Лапылдаған оттың шығуына, құрыл-ғыдағы ауа қысымының төмендеуі себеп. Дегенмен, жарылыс қаупі жоқ. Қазір істің мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға орнында құтқарушылар жұмысын жалғастыруда.