Бүгiн 2026, 18:08 Фото: oxu.az

Ресейде мұғалім мен 14 оқушы газдан уланып қалды

Омбы облысындағы құбыр жөндеу жұмыстары кезінде газ таралып, экскурсияда жүрген оқушылар мен мұғалім уланып қалды.

Ресейде мектеп оқушылары газдан уланып, ауруханаға түсті.

Оқиға Ресейдің Омбы облысына қарасты Тара қаласында газ құбырындағы жөндеу жұмыстары кезінде болған.

Oхu.Az басылымының ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлауынша, аймақ губернаторы Виталий Хоценко оқиғаға қатысты мәлімдеме жасаған.

Ақпаратқа сәйкес, сол маңда экскурсияда жүрген мектеп оқушылары газ таралуы салдарынан зардап шеккен.

Өңірлік прокуратураның мәліметінше, жалпы саны 15 адам газдан уланған. Олардың 14-і – оқушы, біреуі – мұғалім.

Жеті адам жеңіл жарақатпен ауруханаға жатқызылса, қалғандарына амбулаториялық көмек көрсетілген.