Ресейде мамырдың алғашқы он күні демалыс болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей президент Владимир Путин мамырдағы мерекелер арасындағы жұмыс күндерін демалыс қылу ұсынысына келісті, деп хабарлайды РИА Новости. 

Бұл идеяны Роспотребнадзор басшысы Анна Попова ұсынған болатын. Оның айтуынша, бұл қазіргі эпидемиологиялық жағдайда дұрыс шешім. Путин оған жауап ретінде мамандардың, әсіресе соңғы жылы COVID-19-бен күресетіндердің пікірін тыңдау керегін атап өтті.

Сіздер бұл қажет деп ойласаңыздар, жарайды, солай жасаймыз, бүгін тиісті жарлыққа қол қоямын, - деді ол.
Еске салайық, қазақстандықтар мамырда мерекеге орай 1-3 мамыр аралығында демалады, содан кейін үш жұмыс күнінен соң 7-10 мамыр аралығында тағы да демалыс болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы