Ресейде мұғалімдерге қар тазалатқан шенеунік қызметінен қуылды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Саратов қаласында Октябрь ауданы білім бөлімінің басшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы қалалық мэрияның сайтында жарияланды.

Басшы аязды күні аула сыпырушыларға көмектесу үшін қаладағы №95 мектептің ұстаздарын жіберген.

Тексерістен кейін білім бөлімінің басшысы мен аталған мектептің директорына сөгіс жарияланды.

Осыған дейін Саратов мэриясы 24-қаңтар күні сенбілік аясында.

№95 мектептің ұстаздары қар тазалағанын жариялаған.

Шаһар билігі ауа райының қолайсыздығынан жергілікті білім ордаларында сабақ болмайтынына қарамастан мұғалімдер жұмыс істей беретінін мәлімдеген.

«Комсомольская правда» басылымының хабарлауынша, 24-қаңтарда Саратов қаласында қалың қар жауып, аула сыпырушылар оны тазалап үлгермеген. Кейін қалалық білім басқармасы мектеп аумағындағы қарды мұғалімдер тазалайды деп шешім шығарған.


Фото: novostivoronezha.ru
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы