Ресейде коронавирустың жаңа нұсқасы анықталды
Роспотребнадзор басшысы Анна Попова COVID-19-дың «Цербер» деген жаңа нұсқасы анықталғанын мәлім етті, деп хабарлады BAQ.KZ.
Ресейде COVID-19 вирусының «цербер» нұсқасы тіркелді, - деді қызмет басшысы.
Попова елде бесінші апта қатарынан COVID-19 ауруының азайғанын айтып, Ресейдегі коронавирус инфекциясының жағдайын басқаруға болатынын атады. Оның айтуынша, коронавирусқа байланысты жаңа шектеулер енгізу жоспарда жоқ.
Айта кетейік, Қазақстанда да індетке шалдыққандар саны азайып келеді. Қазақстанда өткен тәулікте 7 адамның коронавирус шалдыққаны ПТР арқылы расталды. Сондай-ақ 11 адам КВИ пневмониясына шалдыққан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Өзгелердің жаңалығы