Ресейде коронавирустан көз жұмудың ең үлкен көрсеткіші тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте COVID-19 вирусын жұқтырған 815 науқас қайтыс болды.
Бұл көрсеткіш 2020 жылдан бергі ең жоғары болып табылады. SARS-CoV-2 – ден қайтыс болу деректерінің басым бөлігі Мәскеуде тіркелді, күніне 59 адам. Өткен тәулікте инфекция жұқтырудың 22 277 жағдайы анықталды. Эпидемия басталғаннан бері Ресейде SARS-CoV-2 вирусы 6 557 068 адамнан табылды. Өлім-жітімнің жалпы саны 168 864-ке жетті.Германияда індетке шалдығудың апталық көрсеткіші соңғы тәулікте 100 мың тұрғынға шаққанда 27,6-дан 30,1-ге дейін өсті. Жалпы, вирус 3 810 641 адамда анықталды (өткен тәулікте +5 578 факт). ДДҰ әлемде коронавирустық пандемия деп жариялағаннан бері 91 853 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Роберт Кох институты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы