Ресейде коронавирусты екінші рет жұқтыру жағдайы тіркелді
Алматы, BAQ.KZ. Ресейде коронавируспен ауырған адамның инфекцияны екінші қайтара жұқтыру жағдайы тіркелді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Аталған жағдай Бурятияда тіркелген. Науқас жөнінде Республикалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Татьяна Сымбелова айтып берді.
Жиырма бірінші сәуір күні бұл әйел ауруханадан жазылып шықтты. Оған екі рет тест жасалып, қорытындылары теріс болып шықты. 16 күн өткен соң одан ЖРВИ белгілері біліне бастады. Науқастың тұрғылықты жеріне барып сілекейін зерттеуден өткізгенде коронавирус инфекциясы анықталды. Сондықтан оны қайтадан ауруханаға жатқыздық, қазір ем қабылдауда. Қазір біз "бұл екінші қайтара жұқтыру ма әлде алдыңғысынан қалған вируспа?" деп бас қатырып отырмыз, - дейді ол.
Ресейде вирус жұқтырғандар саны 268 мыңнан асқан. Олардың 2,4 мың осы дерттен көз жұмса, 58 мың адам жазылып шыққан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
COVID-19: Бір күнде 81 адам емделіп шықты
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы