Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны Қытайдан асып түсті

Алматы, BAQ.KZ. Ресей Федерациясында коронавиурс инфекциясын жұқтырғандар саны Қытайдағы жағдайдан асып кетті. Бұл туралы RT хабарлады.

27 сәуірдегі жағдай бойынша Ресейде қауіпті індетті жұқтырғандар саны 87 147 адамға жетті, ал Қытайда осы уақытқа дейін 84,5 мың адамнан инфекция анықталған. 

Ресейдегі коронавирусқа қарсы жедел штабтың мәліметінше, елдің 85 өңірінен 87 147 адам вирус жұқтырған. Сондай-ақ, қауіпті індетті жұқтырғандардың басым көпшілігінде коронавирус белгілері болмағаны айтылды.

Бұған қоса, Санкт-Петербургте екінші дәрігердің вирустың салдарынан көз жұмғаны белгілі болды. COVID-19-дың кесірінен Александров ауруханасының нейрохирургия бөлімшесінің меңгеруішісі Алексей Филиппов қайтыс болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы