Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейде індеттің таралуы күшейіп, соңғы бір тәулікте коронавирус тағы 25 мыңнан астам адамнан анықталды. 

Жалпы елде індетке шалдыққандар саны 6 миллионға жуықтады. 

Бұл туралы ковид-19-бен күрес жөніндегі жедел штаб мәлімдеді. Науқастардың көбі Мәскеу, Ленинград және Нижегородск облыстарында тіркелген. Дәрігерлер дерттен өлім-жітім де көбейгенін айтады. Оған «дельта» штамының таралуы мен аптап ыстық себеп дейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы