Ресейде коронавирусқа қарсы вакцина егуді қауіпті топтардан бастайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. РФ бас санитарлық дәрігері Анна Попова егер вакцинаның бірнеше дозасын бірден жасауға мүмкіндік болмаса, індетке қарсы егу қауіпті топтардан басталатынын айтты. Бұл туралы ria.ru сайты хабарлады.
Егер мұндай мүмкіндік болса және бүгінде ол мемлекеттік деңгейде нақтыланатын болса, онда біз Ресей Федерациясының тұрғындарының көпшілігіне вакцина жасай аламыз, - деді Анна Попова.
Бұған дейін Попова Ресейде шектеулер вакцина жасалғаннан кейін алынып тасталады деп айтқан болатын.
Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Михаил Мурашко коронавирустық вакцинаны сынаудың алғашқы нәтижелері шілде айының соңында пайда болады деп хабарлады. Оның айтуынша, клиникаға дейінгі тексерулер кесте бойынша жүргізіледі. Сондай-ақ, министр вакцинаны әзірлеумен бірнеше кәсіпорын айналысып жатқандығын атап өтті.
Өткен аптада Гамалеи ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми орталығының жетекшісі Александр Гюнзбург вакциналық сынақты еріктілер арасында өткізгендігі туралы хабарлаған. Оның айтуынша, препараттың пайда болуы жаздың соңында күтіледі. Сонымен қатар, ол кеміргіштермен тәжірибе жасау кезінде жоғары иммуногенетиканы көрсеткендігін атап өтті.
Сонымен бірге, Гунзбург бұл препаратты тіркеп, өндіре бастағаннан кейін барлық Ресей халқын вакцинациялау мүмкін болмайтынын айта кетті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы