Ресейде іздеу салынған күдікті Павлодар облысында қолға түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысының полицейлері ресейлік жедел уәкілдермен бірлесіп іздеуде жүрген күдіктіні ұстады. Бұл туралы Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.


"Қауіпсіз жол" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Ертіс ауданының криминалдық полиция қызметкерлері шаруа және фермер қожалықтары тексерілді. Шаруашылықтардың бірінде ер адам полицейлердің назарын аударған. Сұрастыру барысында 37 жастағы ер адам Ресей Федерациясынан шыққаны анықталды. Оны деректер базасы бойынша тексеру кезінде бұл ер адамды Мәскеу қаласы бойынша ІІМ ММ оңтүстік-батыс әкімшілік округі бойынша Ішкі істер басқармасының жедел уәкілдері іздеуге салғаны анықталды.
Ер адам 2019 жылдың қыркүйек айында жаяу жүргіншіні қағып кетіп, жол-көлік оқиғасы салдарынан дене жарақатын алған. Мәскеу қаласының полицейлері осы факті бойынша Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 264-бабы 1-бөлігі бойынша – жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу қылмыстық іс қозғады. Біз іздестірудің бастамашысына іздестірілушінің орналасқан жерін анықтау туралы хабарладық, – деп атап өтті Ертіс аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Серік Үсенов.
Атап айтқанда, жыл басынан бастап Павлодар полицейлерімен қылмыс жасағаны үшін іздестіріліп жатқан 69 адамды анықтап ұсталды.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы