Ресейде газбен жүретін көліктер салықтан босатылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Известия» басылымы жариялаған ақпаратқа сүйенсек, Ресей билігі газбен жүретін техникаға салынатын салық мөлшерін азайту не мүлде жою мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Бұл пропан-бутан қосындысына емес, тек сығылған табиғи газбен (CNG, метан) жүретіндерге қатысты.
Шенділердің айтуынша, мұндай шара халықты бензинді не дизельді көлікпен салыстырғанда экологияға зияны аз машина алуға ынталандырады. Салық жеңілдігінен бөлек мотор көлемі бір литрден аспайтын автомобиль алуға субсидия бөлу және өндірушілерді қолдау ұсынылды.
Аталған шаралар Ресей экономикасының энерготиімділігін арттыру бойынша кешенді жоспарға енгізілді. Құжат 2021 жылғы ІІ тоқсанға дейін әзірленуі тиіс.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Боран салдарынан Алматы облысында жол жабылды
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы