Ресейде газ құбыры жарылды. Қазақстан көгілдір отынсыз қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Магистральді газ құбырындағы жарылыс салдарынан Қазақстанға газ беру тоқтатылды.

Интерфакс хабарлағандай, Ресейдің Оренбург облысында магистральді газ құбырында жарылыс болды. Оқыс оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген. Жарылыстан кейін аталған нысанда өрт өршіп кеткен.


Өртті ауыздықтау мақсатында оқиға орнына құтқарушылар, газ құбырын жөндейтіндер және экологтар келді.

РФ Энергетика министрлігінің мәліметінше, жарылыстан кейін Қазақстан аумағына газ беру тоқтатылды.

Союз магистральді газ құбырының 0-123 шақырымындағы аумақ өшірілді. Алексеевкадан Қазақстан аумағына газ транзиті тоқтатылды. Енді газбен қамтамасыз ету Оренбург-Новопсков газ құбырындағы баллон арқылы жүзеге асырылады, - делінген хабарламада.


Қазір апат болған учаскеде газ жанып жатыр. Жарылыс себебі анықталуда.

Бұл Газпромның магистральді транспорты нысандарындағы үшінші апатты жағдай.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы