Ресейде COVID-19-дың африкалық штаммы тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирустық мутациялар шетелден оралған ресейліктерден және эпидемиологиялық қауіпті ескере отырып тексерілетін басқа адамдардан анықталған.

Ресейде COVID-19 коронавирусының оңтүстікафрикалық штаммының табылғандығы расталды. Бұл туралы Роспотребнадзор 16 наурызда хабарлады.

Соңғы уақытта Ресей аумағында SARS-CoV-2 изоляттарын молекулалық-генетикалық бақылау үшін 8 159 үлгі жиналғаны хабарланған. Зерттеуге арналған материалды негізінен шетелден оралған және эпидемиологиялық қауіп-қатерлерді ескере отырып, тексеруге жататын басқа да адамдардан алынды.

Британиялық нұсқаға жататын 28 изолят анықталды, екеуі – оңтүстікафрикалық нұсқаға жатады. Бразилиялық нұсқаға жататын изоляттар анықталған жоқ. 16 жағдайда басқа мутациялар анықталды, - делінген хабарламада.

Алайда Роспотребнадзор «жағдай бақылауда» деп сендірді.

Еске салайық, Ресейде британиялық коронавирус штаммының алғашқы жағдайы туралы 10 қаңтарда хабарланған еді. 2020 жылдың желтоқсан айының соңында Ұлыбританиядан оралған азамат дәл осы штаммен ауырған. 

Айта кету керек, коронавирустың жаңа штамдары Ұлыбритания, Оңтүстік Африка және Бразилияда табылғаны белгілі. Ғалымдардың пікірінше, бұл нұсқалар жұқпалы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы