Ресейде бір тәулікте 6 500-ге жуық адамнан вирус анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны Ирандағы көрсеткіштен асып түсті, деп хабарлады Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы. 

Бір тәулікте Ресейдің 83 өңірінде коронавирусты жұқтырған тағы 6 411 адам анықталды. Қазіргі таңда Ресейде бұл вирусты 93 558 адам жұқтырған, осылайша Ирандағы көрсеткіштен асып, дүниежүзі бойынша сегізінші орында тұр.

Бұған қоса, Ресейде бір тәулікте пандемия басталғалы ең көп өлім-жітім тіркелді – 72 адам. Жалпы қауіпті індеттің салдарынан 867 адам көз жұмып, 1 110 адам вирусты жеңіп, сауығып шыққан.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы