Ресейде бір күнде 57 адам коронавирустан мерт болды
Алматы, BAQ.KZ. Ресейде соңғы тәулікте коронавирустан 57 адам көз жұмды. Барлық өлгендер саны 513 адам. Бұл туралы РФ-ның коронавируспен күрес жөніндегі жедел штабы хабарлады.
Сонымен қатар, соңғы тәулікте 5236 адамның COVID-19 инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды. Осылайша қауіпті індетті жұқтырғандар саны 57 999 адамға жетіп отыр.
Бұған дейін елде 2,2 млн-нан астам коронавурусқа қарсы тестен өткені хабарланған. Бұдан бөлек тағы 145 мыңдай адам медицина қызметкерлерінің бақылауына алынған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Абайдың 175 жылдығына жоспарланған конференция онлайн өтеді
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы