Ресейде бір тәулікте 4268 науқас тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жалпы елде коронавирустық инфекция 47 мыңнан астам адамда анықталды.
Өткен тәулікте Ресейдің 76 өңірінен 4268 коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелді. Оның 1 935-інен (45,3%) ауру белсенді түрде анықталған және аурудың клиникалық белгілері болған жоқ. Ал, 155 адам жазылып шыққан. Бұл туралы ru.euronews.com хабарлады.
Жалпы елде коронавирустық инфекция 47 мыңнан астам адамда анықталды: Мәскеу (26350), Мәскеу облысы (5241) және Петербургте (1846) індеп жұқтырғандар ең көп тіркелген.
Ресейде бүгінге дейін коронавирустан 405 адам көз жұмды, 3450-ге жуық адам сауығып шықты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазір кінәліні іздеп салғыласатын уақыт емес - Назарбаева
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы