Ресейде бір күнде 174 адам вирустан көз жұмды

Алматы, BAQ.KZ. Ресейде өткен тәулікте 174 адам коронавиурстан мерт болған. Пандемия жарияланғалы бұл індеттен қайтыс болғандардың жалпы саны 3807 адам. Бұл туралы РФ-ның жедел штабы хабарлады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлемде қауіпті індетті жұқтырғандар саны 5,5 млн адамға жеткен. 

РФ мемлекеттік думасының депутаты әрі психиатр-дәрігер Борис Менделевич елдегі халықты жаппай тестіден өткізу керектігін айтып дабыл қағуда.

Ал, Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 8969 адамға жетті. Оның 4515-і жазылса, 35 науқас көз жұмған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы