Ресейде байларға салынатын салық көлемі өсетін болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа заңға президент Владимир Путин қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құжатқа сәйкес келесі жылдан бастап Ресейде жылдық кірісі 5 миллион рубльден асатын жеке тұлғаға салық 15 пайызға көтеріледі. Жаңа салық кодексіне өзге өзгертулер енгізілмеген. Бірақ жоғарғы экономика мектебі елде байларға салық алдағы уақытта да өсірілуі мүмкін деп отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Ресейде байларға салық 13 пайыз көлемінде болған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы