Ресейде бағалы шөптер мен саңырауқұлақ жинағандар қылмыстық жазаға тартылады

Ресейде енді бағалы шөптер мен саңырауқұлақтарды заңсыз жинағандар қылмыстық жазаға тартылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы «Хабар 24» жазды. 

Елде осындай заң жобасы қабылданды. Ережені бұзғандар 6 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сақырауқұлақпен бірге жидек пен ақ қайың шырынын және ағаштардың қабығын жинауды бақылау қатаңдатылды. 

Жалпы саңырауқұлақ пен жидекті тұрғындар өздері пайдалану үшін теруіне тыйым жоқ. Бірақ сату үшін жинаса, лицзения алуы керек. 

Ал статистикаға сүйенсек, Ресейде тұрғындардың 48%-і орманға барып, саңырауқұлақ пен жидек тергенді ұнатады екен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Хабар24
Өзгелердің жаңалығы