Апаттық жағдайда қонған ұшақтың 76 жолаушысына көмек көрсетілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәскеу түбінде апаттық жағдайда қонған Airbus A321 ұшағында зардап шеккендер саны 76-ға жетті, оның 19 – бала. Бұл туралы РФ Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады ресейлік ақпарат агенттіктері.
«Мәскеу облысының Рыбаки деревнясы маңындағы далаға Airbus ұшағының апаттық жағдайда қонуына байланысты, Мәскеу уақытымен 20:00-дегі дерек бойынша 76 адам адам, соның ішінде 19 бала дәрігер көмегіне жүгінді», - делінген мәлімдемеде.Министрліктің мәлімдеуінше, 69 жастағы әйел стационарлық ем алып жатыр. Оның өміріне қауіп жоқ. Басқа жолаушыларға амбулаториялық көмек көрсетілген. Бұған дейін 55 адам зардап шеккені хабарланған.
Еске сала кетейік, «Урал әуе жолдары» әуе компаниясының Airbus A321 жолаушылар ұшағы Жуковский әуежайы маңында апатты жағдайда қонуға мәжбүр болған. Ұшақ Симферопольға ұшып шыққан.
Қозғалтқышына құс кіріп кеткен ұшақ қонуға мәжбүр болғаны туралы осыған дейін хабарлағанбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада республикалық «Жолда қабылдау» акциясы өтеді
Өзгелердің жаңалығы