Ресейде Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады

Ресей Федерациясының Ненец автономиялық округінде Ан-2 ұшағы мұздану салдарынан апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігі хабарлады. 

Мұздану салдарынан Қаратайка кентінен 10 шақырым жерде Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 12 адам болған, оның екеуі экипаж мүшесі және 10 жолаушы. Екі адам қайтыс болды, - деп жазады агенттік.

Төтенше жағдай орнына құтқарушылар келді. Дереккөздерге сенсек, төрт адам жарақат алған, ал қаза тапқан екі адамның бірі – ұшқыш.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы