Ресейде адам өлтіріп, іздеуде жүрген күдікті Алматыда ұсталды

Алматы, BAQ.KZ. Елге тіркелуге келген 32 жастағы Өзбекстан азаматы көші-қон қызметтері Орталығында ұсталған. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаменті хабарлады.

Өзбекстан азаматының жеке тұлғасын тексеру кезінде оның 2015 жылдан бері іздеуде жүргені анықталған.

Ақпараттық жүйелерді қолдану арқылы жүргізілген өтініш берушінің жеке басын егжей-тегжейлі талдау, біздің бөлім қызметкерлеріне С.есімді азаматтың 2015 жылдан бастап Ресейдің Астрахан облысы бойынша ІІМ-де РФ ҚК-нің 105 бабы, 1 бөлігі - кісі өлтіру қылмысы үшін іздеуде екенін анықтады. Қалалық криминалдық полиция қызметкерлерінің көмегімен күдікті ұсталды- деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.

Өзбекстан азаматының ұсталғаны туралы дерек іздестіру бастамашысына хабарланған. Күдікті Алматыға жұмыс істеуге келген.

Асхат Бутунчинов Алматыда «Келімсек» іс-шарасының екі күнінде іздеуде жүрген 7 қылмыскердің ұсталғанын атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы