Ресейде 24 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер Ақтөбеде ұсталды

Ақтөбе полицейлері ресейлік құқық қорғау органдарынан 24 жыл бойы жасырынған қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері үш адамды өлтіргені және қарақшылық шабуыл жасағаны үшін өз елінде іздеуде жүрген Ресей Федерациясының 56 жастағы азаматын ұстады. 

Ол 1999 жылдың күзінде Орынбор қаласында адамдар тобымен (бұрын сотталған және ұсталған 3 адаммен) алдын ала сөз байласып, қаржылай пайда табу мақсатында 3 азаматқа қарақшылық шабуыл жасап өлтірген және қылмыс іздерін жасыру үшін олардың мәйіттері өртеп, көміп тастаған. Қазіргі уақытта ұсталған адам тергеу изоляторына қамалды. Оны Ресей Федерациясына экстрадициялау мәселесі шешілуде, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы