Ресейде 24 наурыз Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды

Ресей президенті Владимир Путин Мәскеудегі лаңкестік әрекеттен соң 24 наурызды жалпыұлттық Аза тұту күні деп жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ресей басшысы Мәскеудегі "Крокус Сити Холлда" болған қайғылы оқиғаға байланысты теледидар ресейліктерге арқылы үндеу жасады. Владимир Путин оқиғаны теракт деп мәлімдеді.

Өз сөзінде Ресей басшысы лаікестік әрекеттен зардап шеккендерге көмектескені үшін ақ залаттылар мен азаматтарға алғысын білдірді.

Кеше 22 наурызда Мәскеудегі "Кроус Сити Холл" кешенінде терактілік әреке болды. Қаруланған белгісіз бір топ адам концертке келген халыққа оқ жаудырды. Кейінірек ғимаратта жарылыс естіліп, соңы өртке ұласты. Соңғы мәліметтер бойынша "Крокус Сити Холл" кешеніндегі лаңкестік әрекеттен қаза тапқандар саны 200-ден асқан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы