Ресейде 21,5 млн тұрғын коронавирусқа қарсы вакцина салдырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей Президенті Владимир Путин елде 21,5 млн тұрғынның коронавирусқа қарсы вакцина салдырғанын жеткізді. 

Оның пікірінше, бұл өте жақсы нәтиже. Бұл туралы Ресей басшысы дүйсенбі күні журналистер тарапынан қойылған сауалға орай берген жауабында айтты, деп хабарлайды Ресейдің ТАСС агенттігі.

Ресей басшысы азаматтарды жеделдетіп, коронавирусқа қарсы вакцина қабылдауға шақырды. Сонымен қатар Владимир Путин вирус жұқтырған жағдайда оның симптомдары біліне бастағанда-ақ дәрігерге қаралуға кеңес берді. Ресей президенті сонымен қатар өңір басшыларына тестілеу мен вакцинация қарқынын сақтау қажеттігін еске салды. 

Аталғандармен қоса мамандар дайындаған ережелер мен сарапшылардың кеңестерін назардан тыс қалдыруға болмайтынын ескертті. 

Маска режимі мен мамандардың өзге де талаптарын орындау керек. Сонда ғана біз жетістікке жете аламыз, – деді В. Путин. 

Пандемия басталғалы Ресейде коронавируспен күрес жөніндегі жедел штабтың мәліметтері бойынша, 4 888 727 адам КВИ жұқтырып, 4 502 906 адам аурудан жазылған, 113 647 адам қайтыс болды.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы