«Ресей үшін Қазақстан Украинадан кейінгі проблема» ма? - СІМ жауабы

Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Ресейдің мемлекеттік «Россия 1» телеарнасында «Владимир Соловьевпен» бағдарламасында оған қатысушылардың бірі «Ресей үшін Қазақстан Украинадан кейінгі проблема» екендігін айтқан. Бұл мәселеге қатысты СІМ пікір білдірді. 

Мұндай сипаттағы «говорящая головалардың» сөздеріне қатысты Мемлекет басшысы Ресейде кездесуде болған кезде, Сыртқы істер министрі де, мемлекеттік органдардың өзге де басшылары, Парламент палаталарының спикерлері бірнеше рет пікірлерін айтқан болатын. Бұл біріншіден, Ресей Федерациясының ресми ұстанымын білдірмейді. Екіншіден, Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасқа еш әсерін тигізбейді. Үшіншіден, Ресей Федерациясы билігінің тарапынан тиісті реакцияға лайық, - деп атап өтті ведомство өкілі Мәжілістің жалпы отырысынан кейін кулуарда тілшілерге берген сұхбатында. 

Сондай-ақ ол «Сыртқы істер министрлігі Ресей елшісін осы мәселені талқылауға шақыра ма?» деген сауалға жауап берді. 

Дәл қазір менде ондай ақпарат жоқ. Біздің ұстанымымызды жаңа айтып өттім. Ол елдегі (Ресейдегі - ред.) 140 млн адамның әрқайсысының айтқан пікірін Сыртқы істер министрлігі талқылауы физикалық тұрғыда мүмкін емес, - деді вице-министр. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы