Ресей Украинаға 1212 әскери қызметшінің денесін қайтарды
Ресей мен Украина арасында әскери тұтқындар мен қаза тапқандардың денелерін алмасу жөніндегі келісімдер іске асырыла бастады. Ресей Президентінің көмекшісі Владимир Мединскийдің мәлімдеуінше, бұл процесс 2 маусымда Ыстамбұлда жасалған уағдаластықтар негізінде жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Интерфакс агенттігіне сілтеме жасап.
Осы келісім аясында Ресей жағы Украинаға 1212 қаза тапқан украин әскери қызметшісінің денесін тапсырды және өз тарапына 27 ресейлік жауынгердің денесін алды. Мединский мәлімдегендей, бұл тек бастамасы, жақын арада майдан шебінен ауыр жараланған тұтқындарды да алмасу басталады.
Ресей Қорғаныс министрлігі украиналық тарапқа алты мыңнан астам жауынгердің денесін қайтаруға дайын екенін хабарлады.
Сондай-ақ, 9 және 10 маусым күндері жас сарбаздарды алмасу басталды: 25 жасқа дейінгі ресейлік әскери қызметшілер Украинадан қайтарылып, олардың орнына украин тұтқындары берілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада жасөспірімдер көшеде тұрған көліктерді қиратқан
Өзгелердің жаңалығы