Ресей-Украина: келіссөз басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қос делегацияның кездесуі украиналық шекараға жақын маңдағы Припять өзенінің жағалауында өтіп жатыр.

Беларусь мемлекетінің аумағында Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер басталды.

Қос тараптан келген делегацияның кездесуі украиналық шекараға жақын маңдағы Припять өзенінің жағалауында өтіп жатыр. 

Айта кетерлігі, бұған дейін Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ресейлік делегация Украина тарабымен келіссөз жүргізу үшін Беларуське келгенін хабарлаған болатын. Бұған қатысты Украина президенті Владимир Зеленский жауап беріп, келіссөз алаңы ретінде Беларусь территориясын емес, басқа да қалаларды таңдауға болатынын айтқан. Ол Ресей тарапына келіссөз алаңы ретінде Варшава, Будапешт, Стамбул, Баку сынды қалаларды ұсынған. 
Кейінірек Зеленский Беларусь аумағында келіссөздер жүргізуге келісім берді.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы